Сионистердің шектен тыс талап етушілігінен құтылудың жалғыз жолы – қарсыласу
(last modified Sun, 23 Dec 2018 10:40:17 GMT )
Жел 23, 2018 16:40 Asia/Almaty
  • Сионистердің шектен тыс талап етушілігінен құтылудың жалғыз жолы – қарсыласу

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаяти сенбі күні Теһранда Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси кеңсесінің мүшесі әрі Парламент төрағасы Махмуд әл-Заһармен кездесуінде сионистердің шектен тыс талап етушілігінен құтылудың жалғыз жолын табандылықпен қарсыласу деп атады.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Акбар Велаяти Палестина мен қасиетті Құдстың армандарын қолдап, табандылық таныту қажеттігін айтып, қол жеткен жеңістермен құттықтап: "Палестина халқының қарсыласуы мен табандылығының арқасында сионистер мен олардың демеушілерінің алдында құнды жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл сионистер үшін ендігәрі басқыншылық жайлы ойламайтындай сабақ болуы керек",-деді.  

Велаяти Палестинаның ислам әлемінің басты мәселесі екенін, ИИР әрдайым Палестинаның арман-мақсаттарын қолдайтынын айтты.

Махмуд әл-Заһар да осы кездесуде Иран үкіметі мен халқының Палестинаға көрсетіп жатқан қолдауына алғыс айтып: "Исламдық ояну қозғалысы күшейіп келеді. Палестинаның жеңіске жететіні анық",-деді.