Рухани Индонезия халқына көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i40526-Рухани_Индонезия_халқына_көңіл_айтты
ИИР президенті Индонезия үкіметі мен халқына цунами салдарынан Индонезияның жүздеген азаматының қаза болып, жаралғанына байланысты көңіл айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 24, 2018 16:39 Asia/Almaty
  • Рухани Индонезия халқына көңіл айтты

ИИР президенті Индонезия үкіметі мен халқына цунами салдарынан Индонезияның жүздеген азаматының қаза болып, жаралғанына байланысты көңіл айтты.

ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Индонезия президенті Джоко Видодоға жолдаған хатында ел Үкіметі мен халқына және цунами салдарынан жапа шеккен азаматтардың қайғысына ортақтастық білдірді.

Рухани апат құрбандарының отбасыларына Алладан сабыр тіледі.

Жексенбі күні таңертең Сунда бұғазында басталған цунами Индонезияға жетті.

Индонезияның Ұлттық дағдарысты басқару агенттігінің баспасөз өкілі цунами салдарынан 280 адамның қаза болғанын, кемінде 57 адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.