Чабаһар келісімінің орындалу үдерісін қадағалау комитетінің алғашқы жиналысы өтті
Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар айлағында Иран, Ауғанстан мен Үндістанның саяси-экономикалық делегацияларының қатысуымен Чабаһар келісімінің орындалу үдерісін қадағалау комитетінің алғашқы жиналысы өтті.
2016 жылдың мамыр айында ИИР Президенті, Үндістан Премьер-министрі мен Ауғанстан Президенті Чабаһар келісіміне қол қойған болатын.
Иран, Ауғанстан мен Үндістан үкіметтері осы келісімді бекіткеннен кейін оны орындайтын арнайы жұмыс тобына жүктелді. Оның алғашқы отырысы 2018 жылдың қазан айында Теһранда өтті.
Иранның Систан мен Белучистан айлақтары мен кеме қатынасы басқармасының директоры Бехруз Ағаи дүйсенбі күнгі осы отырыста: "Бұл жиналыста Иран, Ауғанстан мен Үндістанның шекаралық тарифтері, темір жол желісін іске қосу жолдары, кедендік алмасулар және тасымал үдерісіне қатысты арнайы тақырыптар талқыланды.
Дүйсенбі күні Чабаһар айлағында Үндістанның IPGL компаниясының кеңсесі ашылып, ол осы елдің ресми операторы ретінде жұмыс істей бастады.
Жүкті тиеу және түсіру, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және маркетинг Чабаһар айлағындағы IPGL операторлық компаниясының міндеттерінің бір бөлігі болады",-деді.