Зариф: АҚШ Сирияның істеріне заңсыз түрде араласты
https://itolqyn.com/news/iran-i40546
Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ еш уақытта ДАИШ лаңкестік тобымен күрескен жоқ. АҚШ-тың Сириядағы араласушылығы сириялықтар үшін пайдасыз болды әрі Сирия үкіметінің келісімімен болған жоқ»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 25, 2018 17:04 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ Сирияның істеріне заңсыз түрде араласты

Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ еш уақытта ДАИШ лаңкестік тобымен күрескен жоқ. АҚШ-тың Сириядағы араласушылығы сириялықтар үшін пайдасыз болды әрі Сирия үкіметінің келісімімен болған жоқ»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні «Әл-Майадин» телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ-тың Сириядағы құзыры басынан заңсыз болды. АҚШ-тың Сириядағы жобасы туралы жеткілікті мәлімет жоқ»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ, АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранның көптеген мүмкіндігінің бар екендігіне тоқталып, Иранның өзінің ұлттық мүддесіне сай соларды пайдаланатынын қуаттады. Зариф сөзінің жалғасында аймақ елдерінің бір-біріне қарсы болмай, аймақ қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз етуі керектігін қуаттап: «Сауд Арабиясы Йеменге қарсы соғысқа ондаған миллиард доллар жұмсады, бірақ ешбір нәтижеге жетпеді»,- деп баса айтты.