Иран әскери-қауіпсіздік саласындағы қатерлерден аман өтті
(last modified Fri, 28 Dec 2018 12:25:13 GMT )
Жел 28, 2018 18:25 Asia/Almaty
  • Иран әскери-қауіпсіздік саласындағы қатерлерден аман өтті

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал Джафари: "Иран әскери-қауіпсіздік саласындағы қатерлерден аман өтті. Қазір ешбір алпауыт ел Иран жеріне шабуыл жасау туралы ойлай да алмайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал Мұхаммадәли Джафари бейсенбі күні кешке АҚШ-тың әлемдегі айбыны азайып бара жатқанын айтып: "АҚШ-тың саясаткерлері мен сарапшылары Иранның аймақтағы күш-қуатын мойындады. Америкалықтар тіпті "әскери шешім жолы қарастырылады" деп айтуға жасқанады.

Иранның әскери кеңесшілерінің жанында  Ирак пен Сирия халықтарының талпыныстары болмағанда аймақта көптеген қиындық туындар еді. Табанды қарсыласу мен талпыныстар АҚШ-тың Сирияда масқара жеңіліске ұшырап, елден қашуына ұластырды",-деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы кейбіреулердің "Қарсыласу қашанға дейін жалғасады?" деп сұрайтынын айтып: "ИИР-ның негізін қалаған имам Хомейни айтқандай,  АҚШ үстемшіл әрекеттерін тоқтатқанға дейін қарсыласу жалғасады",-деді.