Салехи Иранның ядролық жетістіктерін атады
(last modified Sun, 10 Apr 2016 09:10:18 GMT )
Сәу 10, 2016 15:10 Asia/Almaty
  • Салехи Иранның ядролық жетістіктерін атады

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын түсіндіріп, "Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін 220 тонна уран тотығының елдің жалпы қорына қосылғанын мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи сенбі күні кешке Иранның 2-арнасының «Арнайы сұхбат» бағдарламасында әсіресе «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі Иранның ядролық жетістіктерін атап: «Ядролық жұмыстар жүргізілген барлық кезеңдерде Ирандағы уран тотығының қоры 500 тонна болатын. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін оған 220 тонна қосылды. Арак ауыр су кешені әлі жұмыс істеп тұр. Бұл кешенде отын да өндірілуде. Алдағы үш күнде бұл отын Теһран реакторына салынады»,-деді.

Салехи, сондай-ақ, Иранның оңтүстігіндегі Бушер қаласында тағы екі атом электр стансасын салу туралы Ресеймен келісімшартқа қол қойылғанын айтып: «Иран мен Ресейдің мамандары осы стансалардың техникалық сипаттамасы бойынша келісімге келген соң құрылыс жұмыстары басталады»,-деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы ядролық аурухана салуға қажетті жер бөлінетінін айтып: «Жақында ирандық мамандардың бір тобы осы ауруханаға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу туралы келіссөздер жүргізу үшін Аустрияға аттанады»,-деді.

Тегтер