Иран – аймақтағы ең ықпалды мемлекет
https://itolqyn.com/news/iran-i40655
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми: "Әлем елдері іс жүзінде Таяу Шығыс аймағының Иранның көмегінсіз өз қиындықтарын шеше алмайтыны туралы қорытындыға келді",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 01, 2019 21:51 Asia/Almaty
  • Иран – аймақтағы ең ықпалды мемлекет

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми: "Әлем елдері іс жүзінде Таяу Шығыс аймағының Иранның көмегінсіз өз қиындықтарын шеше алмайтыны туралы қорытындыға келді",- деп мәлімдеді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сейсенбі күнгі мәлімдемесінде: "Иранның лаңкестікпен күрес тәжірибесі ислам республикасының аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуды және тынышсыздықтардың шиеленісуінің алдын алуды көздейтінін көрсетті",- деді.

Ғасеми Иранның үнемі аймақ елдері үкіметтерінің өтінішімен және лаңкестермен күресу мақсатында шамасы келгенше оларға көмек көрсетуге асыққанын айтып: "Иранның негізгі принциптері, соның ішінде Конституциясы мен жоғары исламдық тағылымдарына байланысты ислам республикасы әрдайым қауіпсіздікті тұрақтандыруға, аймақтық ынтымақтастықтарға көмектесіп, көршілес елдермен қарым-қатынасты арттыруға талпыныс жасап келді",- деді.