Зариф: Бүгінгі әлемде «алпауыт ел» деген түсініктің реңі солғын тартқан
Иран СІМ: "Бүгінгі әлемде «алпауыт ел» деген түсініктің реңі солғын тартқан. Себебі билікке жетудің құралы дара иелік саналмайды",- деді.
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Машһад қаласында өткен шарада Сирия мен Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістерге сілтеме жасап: "Иран, Ресей мен Түркияның Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында "Астана үдерісін" құрғанына екі жыл толғанда бұл келісім Сириядағы текетірестің бәсеңдеуіне себеп болды",-деді.
ИИР СІМ басқыншыны жеңіліске ұшырату үшін қарсыласу қажеттігін баяндап: "Сионистік режим Ливан мен Газа секторына басқыншылық жасағанда немесе Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам режимі Иранға шабуыл жасаған кезде дәл осы халықтық қарсыласу басқыншыларды елден қуып шықты",- деді.
Зариф ИИР қуатының негізі халық екенін айтып: "ИИР-ның ең үлкені мақтанышы бірде-бір мемлекеттің Иранға қолдау және көмек көрсету туралы уәж айта алмайтынында.
ИИР-ның тәуелсіздігі, қауіпсіздігі, өнеркәсіптік дамуы, экономикасы, беделі мен заңдылығы, барлығы елдің өзінен бастау алады. Себебі, дұшпандар өткен 40 жылда Иранға мүлдем соққы бере алмады",- деді.