Иран мен Ауғанстан әріптестіктерін жалғастыруға келісті
(last modified Sun, 06 Jan 2019 08:13:12 GMT )
Қаң 06, 2019 14:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Ауғанстан әріптестіктерін жалғастыруға келісті

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары мен Ауғанстан Ұлттық бірлік үкіметінің басшысы ортақ әріптестік пен достықты жалғастыруға келісті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчи сенбі күні Кабулда Ауғанстан Ұлттық бірлік үкіметінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесуінде Ауғанстандағы демократиялық үдерістер мен сайлаудың өткізілуін қолдайтынын айтып, екі елдің сауда айналымын арттыруға мүдделік танытты.

Арақчи, сондай-ақ, Теһранның Талибан тобымен келіссөздерінің Ауғанстан үкіметінің үйлестіруімен жүргізілгенін, Иранның Ауғанстан үкіметін, ауғандар басқаратын және соларға тиесілі бейбітшілік келіссөздерін қолдайтынын мәлімдеді.

Абдулла Абдулла кездесуде Иранның Талибан тобымен келіссөздеріне алғыс айтып: «Кабул үкіметі бейбітшілікті қолдайды»,-деп баса айтты.

Арақчи осыдан бұрын Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани мен Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Идрис Заманмен кездесіп, сұхбаттасты.