Америкалықтар Иран халқының тұрмыс жағдайын нысанаға алып отыр
ИИР Вице-президенті Джаһангири дұшпандардың санкциялардан көздейтін мақсатын елге тауар импорттау үдерісінде кедергі тудыру деп атап: «Америкалықтар Иран экономикасының басты жолдарына санкция салу арқылы Иран халқын қыспаққа алуды көздеп отыр. Бірақ, олар ешқашан мақсаттарына жетпейді»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Исхақ Джахангири елдің кеме қатынасы басшыларымен кездесуінде америкалықтардың басты мақсатын Иранға өндіріске қажет шикізаттар мен халықтың тұрмысына қажет негізгі тауарлардың импортталуына кедергі жасау деп атады.
Джахангири, сондай-ақ, америкалықтардың Иран мұнайының экспортын тоқтату үшін жасап жатқан талпыныстарына тоқталып: «Америкалықтар Иран мұнайын экспорттауды нөлге жеткізе аламыз деп ойлады. Бірақ қазір оған шамалары жетпейтінін түсінді»,-деді.