Пәкістанның бейбітшілік және достық флоты Бандар-Аббасты айлақтады
Бірнеше кеме мен эсминецтерден тұратын Пәкістанның бейбітшілік және достық флоты Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббасты айлақтады.
ИИР Армиясы Теңіз күштерінің "Бірінші имамат" аймағының қолбасшысы Моджтаба Мұхаммади Пәкістанның бейбітшілік пен достық флотын қарсы алу рәсімінде: "Бұл флоттың Иранға келуінің мақсаты – екі көршілес әрі мұсылман елдер арасындағы әскери қарым-қатынастарды дамыту. Пәкістанның бейбітшілік және достық флоты Бандар-Аббасты айлақтауымен тұспа-тұс екіжақты кезедулермен бірге екі ел теңіз күштерінің арасында мәдени және оқыту бағдарламалары өтеді. Сондай-ақ, флоттың студенттерін Бандар-Аббас қаласы мен Қешм аралын аралатамыз",- деді.
Моджтаба Мұхаммади Иран мен Пәкістан қарым-қатынастарының артуына сілтеме жасап: "Қарым-қатынастарды сақтап, одан әрі арттыру үшін Иран Армиясының Теңіз күштері де осы уақытқа дейін Пәкістанның порттарын көп рет аралады"- деді.