Иранның батысында болған 5,9 балл жер сілкінісінен көп адам зардап шекті
https://itolqyn.com/news/iran-i40742-Иранның_батысында_болған_5_9_балл_жер_сілкінісінен_көп_адам_зардап_шекті
Иранның батысындағы Керманшаһ облысында орналасқан Батыс Гилян ауданында Рихтер бағаны бойынша 5,9 баллдық жер сілкінісінен 75 адам жарақат алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 07, 2019 14:44 Asia/Almaty
  • Иранның батысында болған 5,9 балл жер сілкінісінен көп адам зардап шекті

Иранның батысындағы Керманшаһ облысында орналасқан Батыс Гилян ауданында Рихтер бағаны бойынша 5,9 баллдық жер сілкінісінен 75 адам жарақат алды.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жексенбі күні кешке Керманшаһ облысының Батыс Гилян ауданында 10 км тереңдікте жер сілкінісі болды.

Керманшаһтың Медицина университеті ректорының емдеу жөніндегі орынбасары Баһман Роушани адамдардың жер сілкінісі кезінде үйлерінен қашуы салдарынан жарақат алғанын айтты.

Жер сілкінісі Ирактың Бағдад, Дияла, Кербала, Наджаф, Васет облыстары мен елдің солтүстігіндегі қалаларда, соның ішінде Сүлейманиеде сезілді.

2017 жылдың 12 қарашасында Керманшаһ облысында болған 7,3 баллдық жер сілкінісі салдарынан 620 адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам жарақаттанған болатын.