Трамп тек өзінің бос қиялдары мен талап-тілектерін баяндайды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми ّАмерика Президентінің Ирандағы жағдай туралы негізсіз қайталамалы сөздері мен Теһранның Вашингтонмен келіссөз жүргізгісі келетіні туралы уәждеріне жауабында: «Дональд Трамп тек өзінің бос қиялдары мен талап-тілектерін айтып отыр»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми: «АҚШ Президенті Дональд Трамп бұрынғыдай соңғы онжылдықтардағы өзгерістер тарихынан ғибрат алмай, өзіне дейінгілердің Таяу Шығыс аймағы мен Иранға қатысты қате саясаттарын қайта қарастырмастан осы ежелгі аймақтың халқына жиіркеніш білдіріп, қисынсыз сөздер айтты. Оның барлығы бұрынғы мерзімі өткен шектен тыс талап етушілік пен ортағасырлық алпауыттардың үстемшілдігін қайталау болып табылады»,-деді.
Ғасеми Трамптың Иран туралы сөздерінің шындыққа мүлдем жанаспайтынын айтып: «Америкалықтардың бос қиялға беріліп, Иран халқына кек сақтау салдарынан жасап жатқан жауластық әрекеттері мен талпыныстары осы күнге дейін еш нәтиже бермеді, болашақта да нәтижеге жетпейтіні анық»,-деді.