Хирманд өзенінің суын бөлу жөніндегі бірлескен комиссияның 19-шы отырысы аяқталды
(last modified Tue, 08 Jan 2019 14:15:59 GMT )
Қаң 08, 2019 20:15 Asia/Almaty
  • Хирманд өзенінің суын бөлу жөніндегі бірлескен комиссияның 19-шы отырысы аяқталды

Бүгін дүйсенбі күні Теһранда Хирманд өзенінің суын бөлу жөніндегі бірлескен комиссияның он тоғызыншы отырысы міндеттемені орындау, Иранның суды пайдалану құқығы негізінде су үлесін алу туралы іс жүзіндегі бағдарламалар мен шешім жолдарын анықтаумен аяқталды.

Отырыста ирандық тарап Хирманд өзенінің Иранға бағытталған ағыны көлемінің айтарлықтай азаюына байланысты туындаған қиындықтарды баяндап, Иранға қарай суды жіберуді сұрады. Ауғанстанның су мәселесі жөніндегі делегация өткен жылы жауын-шашын мөлшерінің төмен болғанына қарамастан өздерін жауын-шашыны мол жылдағыдай Иранның су үлесін жіберуге міндетті деп есептейтінін мәлімдеді. Қос тарап міндеттемені орындау мен Иранның суды пайдалану құқығы бойынша өзінің су үлесін алу туралы іс жүзіндегі шешім жолдары мен бағдарламалар дайындап, хижри шамси жылының соңына дейінгі жоспарланған отырыстарда комиссарлар жобаларды бірге талдап, бекітіп және бекітілген мерзім аралығында оны жүзеге асыратыны туралы келісімге келді.