Иран халқы өзінің қорғаныстық және ғылыми зымырандарын мақтан тұтады
ИИР президенті Рухани зымыранды Иранның қорғаныс құралы деп атап, Иран халқы оны мақтан тұтатынын мәлімдеді.
Хасан Рухани бейсенбі күні Теһранда Жүйе мүддесін анықтау алқасының бұрынғы басшысы аятолла Һашеми Рафсанджанидің қаза болған күнінің екінші жылдығына арналған рәсімде сөйлеген сөзінде алдағы апталарда Иранда жасалған зымырандармен екі жаңа жер серігінің ғарышқа ұшырылатынын хабарлап: «Иран халқы "Ортақ қадам" келісімі арқылы үлкен іс тындырды. Бұл келісімнің арқасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы алты қарарының күші бір күннің ішінде жойылды",- деді.
Рухани Иранға қарсы таңылған соғыстың жерді басып алып, тек әскери сипатта болмағанын баяндап: "Ислам революциясы дұшпандарының Иран халқына соғыс таңудағы басты мақсаты – бұл революцияның әлемдік деңгейге көтерілу мүмкіндігін жою ",- деді.
Ол Иранның бүгінгі қорғаныстық және технологиялық қуатына тоқталып: "Дұшпан бар күшімен Иранға қарсы саяси-экономикалық қысым көсрету мақсатында майданға келді. Бірақ бірлік, ынтымақ пен сабырдың арқасында ислам революциясының жолын сақтап, жалғастыруға болады",- деді.
Иран президенті аятолла Һашеми Рафсанджанидің тілегі жүйе мен Иранның ұлылығы болғанын айтып, халықтың да осы мақсатты көздеп отырғанын қуаттап: "Һашеми Рафсанджанидің есімі Иранның ғиззатымен тығыз байланысты",- деді.
Аятолла Һашеми Рафсанджани х.ш.ж.с.б. 1395 жылы дей айының он тоғызы (2017 жылы 8 қаңтарда) жүрек талмасынан көз жұмды.