Иран ғалымдары 20 пайыздық жаңа ядролық отын жобалауда табысқа жетті
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы өз елінің ядролық ғылыммен айналысатын ғалымдарының заманауи 20 пайыздық ядролық отын жобалағанын хабарлады.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи Иранның ядролық ғылымды толық меңгергеніне тоқталып: "Ислам республикасы ядролық ғылым мен өнеркәсіп саласында дамығаны сондай, басқалардың жобаларын пайдаланбауымен қатар жаңа ядролық отын шығаратын болды. Бұл – үлкен жетістік. Осы кезге дейін ескі отынмен жұмыс істеп тұрған Теһранның ядролық реакторы ирандық мамандардың талпынысымен заманауи стандарттарға сәйкес жасалған жаңа отынды пайдаланып, реактордың өнімділігін арттырды",- деді. Салехи отынмен қамтамасыз ету мен бақылау бөлмесін салудың реактордың негізгі қиындықтарының бірі болғанына сілтеме жасап: "Бүгінде жергілікті мамандар реактор жобалу қабілетіне қол жеткізді. Иранның келесі үлкен ядролық жетістігіне құралдар жасап шығарумен бірге ядролық өнеркәсіп ғылымының жергілікті ғылымға айналуы жатады",- деді.