ИИР Польшаның АҚШ-пен бірігіп, Иранға қарсы конференция ұйымдастыруына наразылық білдірді
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Польшада Иранға қарсы отырыс ұйымдастырылатыны туралы халықаралық құқықтарға қарсы арсыз сөздерінің жалғасында Теһрандағы Польшаның елшісі міндетін атқарушы Иран СІМ-не шақыртылған болатын.
Сенбі күні ИИР-ның осы әрекетке қатысты ресми наразылығын білдіру үшін Теһрандағы Польшаның елшісі міндетін атқарушы Вячек Онлет Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылған болатын.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ үкіметінің "Ираннан қорқыту" саясатын басқаларға таңу талпыныстарының жалғасында қаңтардың он бірі күні АҚШ пен Польшаның бірлесіп, Варшава қаласында ақпанның 13-14 күндері Иранға қарсы конференция өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Бұл әрекет АҚШ-тың лаңкестерді қолдаушы және қауіпсіздік пен тұрақтылықты бұзушы ретінде аймақта жаңа бүлік тудыруды көздеп отырғанын тағы көрсетті. АҚШ мұның алдында да "Мұнафеқин" лаңкестік тобын Албанияға көшіру арқылы Еуропа елдерін өзінің аймақтағы қауіпті саясаттарына араластыруды мақсат етіп отырғанын көрсеткен болатын. Бұл жолы АҚШ "Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік" атты конференцияның көлеңкесінде, алайда Иранға қарсы мақсаттарымен өз жоспарын ілгерілету үшін Польшаны өзінің араласушылық саясаттарының серіктесі ретінде таңдады.
Польшамен әріптесіп, Теһранға қарсы ортақ майдан құру қастандығы кейбір еуропалық мемлекеттердің үкіметтері Теһранды «Еуропа жерінде өз қарсыластарына қарсы әрекеттерді жүзеге асырады» деп айыптағаннан кейін мәлім болды. Осыған байланысты Дания мен Францияның жуырдағы Иранның қауіпсіздік органдарына қарсы уәждері мен одан кейінгі Помпеоның Польшадағы отырыс жайлы сөздері шын мәнінде осы қастандықтың кіріспесі болған еді.
Араб әлемінің танымал сарапшысы Абдулбари Атуан АҚШ Мемлекеттік хатшысының аймаққа жасаған сапары мен оның Польшада Иранға қарсы конференция ұйымдастыру туралы жоспарына сілтеме жасап, Ray al-Youm газетінде былай деп жазды: "Бұл конференция АҚШ-тың жетекшілігімен бірнеше араб және батыс мемлекеттерінің астаналарында 65-тен астам елдің қатысуымен өткізілген "Сирия достары" атты конференцияны еске түсірді. АҚШ-тың басқа елдерді Иранға қарсы біріктірудегі мақсаты лаңкестердің жеңілісіне қатты ашулы және БАҚ-та теріс насихат жүргізу арқылы осы жеңілістің негізгі себепкері, яғни Иранды оқшауландыру үшін талпыныс жасап жатқан үкіметтер мен лаңкестік топтар арасында коалиция құру болып табылады.
Майк Помпеоның "Иранды бақылау кезеңінен шабуыл кезеңіне өтуді қалаймыз" деп айтқан аймаққа сапары сәтті болмай, олар тек Парсы шығанағы жағалауындағы кейбір араб елдерінің қазынасында қалған миллиардтаған долларды алып кетпек",- деді.
Бұл әрекеттің "Ираннан қорқыту" жобасының жалғасы екені түсінікті. Польшада Иранға қарсы конференцияның ұйымдастырылуы Еуропаның АҚШ-пен бір бағытта қадам басуы үшін жоспарланған. Сондықтан Теһран Польшадан осы конференцияны ұйымдастыруда АҚШ-қа жақтасудан бас тартуын күтеді. Себебі, бұл жаңа қастандықтардың тасасында шындықтарды өзгертуден басқа ешнәрсе жоқ.