Имам Хомейнидің Горбачевке жолдаған тарихи хатына отыз жыл болды
Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни кесенесінің құрылтай кеңесі: «Имам Хомейнидің Горбачевке жазған хаты диалогтың жолын көрсетті. Ол хат – бүкіл тарихқа ескерту. Яғни, Құдай мен руханияттан бөлінетін әр адам адасады»,-деді.
Сейіт Хасан Хомейни бейсенбі күні Имам Хомейнидің Горбачевке жолдаған хатының отыз жылдығын атап өтуге арналған «Шығыстың парасаты» атты форумда: «Кеңес одағы – қазіргі буын үшін бір тарихи атау. Алайда, шындығында Кеңес одағы өз заманында алпауыт ел болған. Имам Хомейни Горбачевке хатында дұрыс жолды бұрыстан ажыратып көрсетіп, империя мен Шығыс блогын дұрыс жолға түсіргісі келді»,-деді.
Хазірет имам Хомейни 1989 жылдың бірінші күні Кеңес одағының соңғы басшысы Михаил Горбачевке коммунизмнің жойылғаны және Батысқа иек артудан бас тарту қажеттігі жайлы тарихи хат жазған болатын.