Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 19 Jan 2019 07:36:23 GMT )
Қаң 19, 2019 13:36 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржылай қамтамасыз етумен күресетін халықаралық ұйымды (FATF) құрудың мақсатын Иран мен басқа елдердің қаржылай ресурстары үшін ақпараттық механизм құру деп атады.

Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани ақшаны жылыстату және лаңкестікпен күресті батыс елдерінің үлкен өтірігі деп атап: "Ақшаны жылыстату мен лаңкестікті қаржылай және қару-жарақ тұрғысынан қамтамасыз етудің орталығы – АҚШ пен Батыс елдері. Осы елдер Израиль режимімен бірге аймақ пен әлемдегі лаңкестікті қолдап отыр ",- деді.

Аятолла Мовахеди Кермани америкалықтардың Таяу Шығысты бөлшектеу мақсатында аймақта ДАИШ-ты құрғанын мойындағанына сілтеме жасап: "АҚШ, Израиль режимі мен олардың аймақтағы жалдамалылары Йеменнің мазлұм халқына қарсы қылмыстар мен мыңдаған бейкүнә йемендік бала мен әйелдерді өлтіретін режимге үлкен қолдау көрсетуде",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері батыс елдері мен АҚШ-тың адам құқықтарының жалған қорғаушылар ретінде сионистік режим мен Сауд Арабиясының аймақтағы қылмыстарына үнсіздік танытуын сынға алып: "Сионистік режим және АҚШ-пен күресудің жалғыз жолы – қарсыласу мен табандылық. Оның оң нәтижелерін Сирия, Ирак, Ливан, Палестинадан және АҚШ-тың Сирия жерінен шығуынан байқауға болады",-деді.