Ислам революциясының бесінші онжылдығының салтанатпен басталуы – АҚШ-тың күйреуінің белгісі
Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абдәлали Әлиаскари Ислам революциясы жеңісінің қырқыншы жылдығы мерей тойының бұрынғы жылдардағы тойлардан да салтанатты өтетінін мәлімдеп, Ислам революциясының бесінші онжылдығының салтанатпен басталуын АҚШ-тың күйреуінің белгісі деп атады.
Абдулали Әлиаскари сәрсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның аймақтың бірнеше мемлекетіне жасаған сапары мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иракқа жасаған жасырын сапарын, Вашингтонның аймақ пен әлемге және Иранға қатысты сәтсіздікке ұшыраған саясаттарын АҚШ-тың құлдырауы белгілерінің бір бөлігі деп атады.
Әлиаскари сондай-ақ, Ислам революциясының басында Иранда екі телеарнаның да болмағанын айтып: «Бүгін Иранда 66 телеарна мен 90 радио арна АҚШ-тың қарамағындағы бәсекелес 270 спутниктік арнаға қарсы тұр»,- деп қуаттады.