Иранның зымырандық бағдарламасын дамытуға шектеу қою – өңге айналмайтын түс
Иранның әскери әлеуеттері, атап айтқанда баллистикалық зымырандар тек заңды қорғанысқа арналған. Бұл құрал-жабдықтар ядролық қару-жарақ тасымалдау мақсатында жасалмаған. Бірақ, соған қарамастан АҚШ пен кейбір Еуропа елдері "Ираннан қорқыту" үдерісі арқылы тек қорғаныстық мақсаттағы Иранның зымырандық бағдарламасына қарсы қауесет таратты.
Осы саясат шеңберінде Франция СІМ Жан-Ив Ле Дриан Иранның зымырандық белсенділіктеріне қарсы негізсіз уәждерін қайталап, Ираннан баллистикалық зымыран шығаруды доғаруды сұрады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баhрам Ғасеми бұл сөздерге қатысты реакциясында Иранның зымырандық саладағы әлеуеттерін тежегіш сипаттағы доктринаға негізделген қорғаныстық қуатының бір бөлігі, ИИР-ның ұлттық қауіпсіздігінің кепілі екенін мәлімдеді.
Франция СІМ-нің уәжіне қайшы Иранның зымырандық бағдарламасы әдеттен тыс мақсаттарға негізделмеген. Иранның ғылыми-қорғаныстық әлеуеттерін нығайтуы Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы келмейді.
Бұл қарарға қатысты екі жайтты айтып кеткен жөн: біріншіден, бұл қарарда 1929 жылы қабылданған алдыңғы қарармен салыстырғанда Иранның зымырандық бағдарламасы мен сынақтарына қатысты міндеттемейтін екпін қолданылған.
Екінші жайт бойынша, №2231 қарарда Ираннан ядролық оқтұмсықтарды тасымалдай алатын баллистикалық зымырандарға қатысты ешқандай әрекет жасамау талап етілген.
Кейбір Еуропа елдері тарапынан осындай уәждердің қайталануы олардың мақсатының АҚШ-пен бағыттас позиция ұстанып, Иранның зымырандық бағдарламасын аймақ үшін қауіп ретінде таныстыру екенін көрсетіп отыр. Алайда мұндай позиция ұстану қайшы әрі жалған саясат саналады. Осындай қорытынды шығарудың мақсаты Иранның тежегіш қуатын әлсірету екені анық. Себебі, Иранның зымырандық әлеуеті бұл елдің қауіпсіздігіне негіз жасайтын ең мықты тұсы саналады. Бұл еуропалықтардың, әсіресе Франция мен АҚШ-тың аймақты өздерінің әртүрлі қару-жарақтары мен дамыған зымырандарының қоймасына айналдырған жағдайда орын алып отыр. Францияның осы мәселеге қатысты позициясы ойлануды қажет етеді. Франция өзінің ішкі қиындықтарына байланысты АҚШ-пен бағыттас болуға ынталы. Сонымен қатар, Парсы шығанағы аймағындағы араб елдеріне қару-жарақ сатуға қатты тәуелді. Бұл факторлардың Францияның ұстанымдарына әсер еткені мәлім. Францияның пайымдауынша, ол "Ортақ қадам" бағдарламасын да, аймақтық серіктестерін мен АҚШ-ты да сақтап қала алады. Алайда, мұндай есептеу біржақты және толығымен қате жол.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи имам Хомейнидің қайтыс болғанының 29-шы жылдығында сөйлеген сөзінде кейбір еуропалық басшылардың сөздеріне сілтеме жасап: "Бұл үкіметтер Иран халқының санкцияларға да төтеп беріп, Иран болашағының қажеттілігі саналатын ядролық белсенділіктерін де доғаратынын, Иранға таңылған шектеулердің де жалғасатынын күтіп отырған секілді. Бірақ, олардың бұл мәселенің өңге айналмайтын түс екенін білгені жөн",- деп баса айтты.