Иранның әскери доктринасы қорғаныс пен тежегіш қуатқа негізделген
ИИР армиясы қолбасшысының үйлестіру істері жөніндегі орынбасары адмирал Сайяри Иранның әскери доктринасының қорғаныс пен тежегіш қуатқа негізделгенін, Иран Қарулы күштерінің барлық әскери-қорғаныс жабдықтарының ел ішінде жасалғанын айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Хабибулла Сайяри Иранның 1-ші арнасының «Арнайы сұхбат» бағдарламасына берген сұхбатында өткен 40 жыл ішінде Иран Қарулы күштерінің барлық қорғаныс құралдарының ел ішінде жасалғанын, Ислам революциясына дейінгі өнімдермен салыстыруға келмейтініне тоқталып, Иран Қарулы күштері жабдық тұрғысынан мүлде алаңдамайтынын қуаттады.
ИИР армиясы қолбасшысының үйлестіру істері жөніндегі орынбасары Иранда жасалған қорғаныс құралдарының сапа тұрғысынан шетелдік үлгілерден кем түспейтінін де айтты.
Аталмыш телебағдарламаға қатысқан ИИР армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы генерал Киумарс Хейдари да Иранға ешқандай қатердің төніп тұрмағанын, Иран Қарулы күштері айбынының асқақ екенін мәлімдеді.