Еуропалықтар арнайы қаржы механизмін жүзеге асыру арқылы АҚШ-тан тәуелсіз екенін дәлелдеуі керек
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми еуропалықтардың SPV деп аталатын арнайы қаржы механизмін жүзеге асыру арқылы АҚШ пен оның қысымдарынан тәуелсіз екенін дәлелдеуі керектігін айтты.
Баһрам Ғасеми жексенбі күні ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран мен Еуропа арасындағы халықаралық қаржы механизмін жүзеге асыру мерзімінің ұзаққа созылғанына тоқталып: "АҚШ "Ортақ қадамнан" шығып, санкцияларды қайта күшіне енгізгеннен кейін жаңа қаржы механизмін құру арқылы "Ортақ қадамның" экономика саласында ұсына алатын жеңілдіктерді қамтамасыз етуді еуропалықтардың өздері ұсынған болатын",- деп мәлімдеді.
Ғасеми сондай-ақ Венесуэладағы оқиғаға сілтеме жасап: "Венесуэланың тағдырын өз халқы анықтайды. Венесуэлада қиындықтар мен келіспеушілік туындаған жағдайда бұл мәселелер сұхбаттасу арқылы шешілуі керек",- деді.
Ол АҚШ-тың Венесуэланың ішкі істеріне араласу әрекеттерін айыптап: "АҚШ секілді мемлекет қазіргі заманда бұрынғы кезеңдердегідей басқа елдердің ішкі істеріне араласа алады деген жаңа дәстүр қалыптаспауы керек",-деді.