Аятолла Имами Кашани: Иран халқы 22 бахманда дұшпандардың сағын сындырады
Ақп 02, 2019 13:06 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының құтпагері «Фаджр» онкүндігінің басталуымен құттықтап: «Иран халқы «22 бахман» шеруіне қатысу арқылы дұшпандардың сағын сындырып, қастандықтарын залалсыздандырады»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммад Имами Кашани Пехлеви режимінің АҚШ пен сионистік режимге бағынып, елді артта қалдыру тұрғысынан Сауд режимінен де нашар екенін айтып: «Иран халқы табандылық және жанкештілікпен Ислам революциясының жеңіске жетуіне себеп болды»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, дұшпандардың Таяу Шығыстағы қастандықтарына тоқталып: «АҚШ-сионистік режим-Сауд әулеті деген үштік өздері ұйымдастырған қастандықтарға шырмалып қалды»,-деді.
Тегтер