АҚШ ДАИШ лаңкестерін Ауғанстанға көшіріп жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i41164
Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі Ислам республикасының америкалықтардың ДАИШ лаңкестерін Ауғанстанға көшіріп жатқанынан толығымен хабардар екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 05, 2019 17:55 Asia/Almaty
  • АҚШ ДАИШ лаңкестерін Ауғанстанға көшіріп жатыр

Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі Ислам республикасының америкалықтардың ДАИШ лаңкестерін Ауғанстанға көшіріп жатқанынан толығымен хабардар екенін мәлімдеді.

ИСНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі  генерал Сейед Яхия Рахим Сафави бүгін Теһранда Ислам революциясының қырық жылдығына арналып өткен шарада АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы сәтсіздіктеріне тоқталып, АҚШ пен сионистердің күшінің әлсірегенін баса айтты.

Генерал Сафави Ислам революциясы жетекшісінің Сирия мәселесіндегі қырағылығын қуаттап: "Америкалықтар, сионистер мен аймақтағы кейбір араб елдердің қастандық әрекеттерімен жүз мыңнан астам лаңкес Сирия мен Иракқа шабуыл жасады. Бірақ Иран Сирия мен Ирак үкіметтерінің өтінішімен бұл елдерге көмекке асығып, дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандырды",- деді.