Зымырандық қала – Иран революциясының қырық жылдығындағы жетістіктерінің бірі
(last modified Fri, 08 Feb 2019 16:17:36 GMT )
Ақп 08, 2019 22:17 Asia/Almaty

Ислам революциясының қырық жылдығымен тұспа-тұс Иранның «Дезфул» деген «құрлықтан-құрлыққа» ұшатын баллистикалық зымыранының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кеше, бейсенбі күні өткен «Дезфул» баллистикалық зымыранының тұсаукесер рәсімінде бірінші рет Ислам революциясы Сақшылар корпусының баллистикалық зымырандар шығаратын жерасты зауыты көрсетілді. Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы Мұхаммадәли Джафари «Дезфул» зымыранының тұсаукесер рәсмінде сөйлеген сөзінде: «Зымыран шығаратын жерасты қаланың тұсаукесер рәсімі – «санкциялар мен қоқан-лоққы Иранды өз мақсаттарынан бас тартуға мәжбүрлейді» деп ойлайтын батыстықтарға берілген жауап»,- деп қуаттады.  

«Дезфул» баллистикалық зымыранының тұсаукесер рәсімінен бұрын өткен сенбі күні ұзақ қашықтыққа арналған "Хавизе" круз зымыранының тұсаукесер рәсімі өтті. Иран мамандары мен ғалымдары әлемнің дамыған заманауи технологияларын пайдаланып жасаған "Хавизе" зымыраны 1350 км қашықтыққа ұша алады. Ол құрлықтағы қозғалмайтын нысаналарға қарсы қолданылуға арналған. Жылдам дайындалу, тез реакция көрсету, төмен биіктікте ұшу, жоғары навигация, нысанаға дөп тию және қирату қабілетінің жоғарылығы – "Хавизе" зымыранының басты ерекшеліктері. «Хоррамшаһр» баллистикалық зымыраны – жоғары қирату қабілетіне ие және басқарылатын оқтұмсықтармен жабдықталған келесі баллистикалық зымыран. Иранның қорғаныс және зымырандық күш-қуаты өткен қырық жылда жоғары деңгейге жетіп, қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін көрсетті. Иран жетістікке Ислам революциясының жеңісінен кейін Батыстың, әсіресе АҚШ-тың әртүрлі санкцияларымен бетпе-бет келгеніне қарамастан жетті. ИИР-ның қорғаныс өнеркәсібіндегі «Біз жасай аламыз!» деген ұран   Иранға қарсы санкциялар мен қысымдарды күшейту Ислам республикасының қорғаныс саласындағы дамуының алдын ала алмайтындай деңгейге жеткізді.  Иранның қорғаныс өнеркәсібіне қажет білімді жергіліктілендіруі дұшпанды оған соққы беру мүмкіндігінен айырды. Ислам революциясы Сақшылар корпусының баллистикалық зымыран шығаратын жерасты зауытын көрсетуі Еуропа мен АҚШ-қа Иранның қорғаныс күш-қуатын нығайту үшін ешкімнен рұқсат сұрамайтыны туралы хабарды жеткізуді көздеді. Иранның қорғаныс күш-қуаты елдің қорғаныс доктринасына сай дамып келеді.

Иран қарулы күштерінің өткен қырық жылғы әрекеттері дұшпанның қоқан-лоққыларына қарсы өзінің стратегиялық жағдайын заңды қорғауымен байланысты. ИИР еш уақытта қорғаныс саласындағы жұмыстары туралы ешкіммен келіссөз жүргізбейді. ИИР-ның зымырандық қорғаныс әлеуеті Ислам революциясының жақтастары мен аймақ және шекаралас елдерге бейбітшілік пен достық жолдауын жеткізеді.