АҚШ – әлемдегі зұлымдықтың көрінісі
Иран халқы 22 баһман шерулерінің соңында қабылдаған қарарда АҚШ-ты әлемдегі зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың, жауыздықтың, дағдарыс пен соғысқұмарлықтың көрінісі санайтындарын мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Ислам революциясының жеңісі – 22 баһман күнгі шерулерге қатысушылар қарар қабылдап, Ислам революциясының көсемі имам Хомейни мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеидің армандары мен мақсаттырына адалдықтарын қайта жариялап, ел басшыларынан АҚШ пен кейбір еуропалық мемлекеттердің шектен тыс талаптарына қатаң шара қолдануды сұрады. Шерушілер сондай-ақ, Иранның қорғаныс-зымырандық және стратегиялық негіздерін күннен күнге нығайтып, бейбіт мақсатты жұмыстарды дамытуды маңызды деп атап, АҚШ Президенті Дональд Трамптың адамзатқа қарсы үкіметінің қастандықтарына бағынбайтынын қуаттады.
Иран ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына орай өткен шерулерге қатысушылар әлемдегі зорлық-зомбылыққа ұшырап отырғандарды, әсіресе Ирак, Сирия, Йемен, Бахрейн және Палестина халықтары мен олардың қарсыласу майдандарын АҚШ, сионистік режим мен Сауд режимінен құрылған үштіктің зұлымдығынан, лаңкестіктері мен соғысқұмарлықтарынан жан-жақты қорғауды өздерінің міндеті санайтынын баса айтты.