Ислам революциясының жетекшісі "Революцияның екінші қадамы" деген мәлімдеме жариялады
Иран Ислам революциясының жетекшісі Ислам революциясының қырық жылдығына орай "Революцияның екінші қадамы" деген мәлімдеме жариялады.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи сәрсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде Иран халқының Ислам революциясын мықты, сонымен қатар мейірімді әрі кешірімді, тіпті мазлұм деп бағалап: "Иранның Ислам революциясы ешбір кезеңде, тіпті АҚШ пен Саддамға қарсы оқты да бірінші атқан жоқ. Әрқашан тек дұшпанның шабуылынан кейін ғана өзін қорғап, қарсы тарапқа мықты соққы берді",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі мәлімдемесінде елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, территориялық тұтастығы мен шекаралардың мықтылығын, экономикалық және құрылыс салаларындағы маңызды инфрақұрылымдарды, сайлау сияқты саяси мәселелерге қатысатын халық санының артуын, халықтың саяси көзқарасының тереңдеуі мен халықаралық мәселелерге назар аударуын, елдің қоғамдық мүмкіндіктерінің әділ бөлінуін, қоғамдағы рухани және ахлақтық факторларының артуы мен АҚШ басқарған әлемдік зорлықшылар мен үстемшілерге қарсы табандылықты Ислам революциясы жетістіктерінің бір бөлігі деп атады.
Аятолла Хаменеи бұл жолдауында Иранның бүгінде революцияның басындағыдай үстемшілердің дағдарыстарымен бетпе-бет келіп отырғанына тоқталып: "Егер сол кездегі Америкамен арадағы дағдарыстар бөгделердің қолын қысқарту, Теһрандағы сионистік режимнің елшілігін жабу немесе тыңшылық ұясын әшкерелеуге қатысты болса, осы кездегі дағдарыс Иранның сионистік режимнің шекараларындағы орналасуына, АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы заңсыз ықпалын жоюға, Ислам республикасының палестиналық күрескерлерді қолдап, Хизболла мен аймақтың түпкір-түпкіріндегі қарсыласу қозғалысының көтерілген туын қорғауына қатысты",- деді.