Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар корпусы қызметкерлерінің шәһид болғанына көңіл айтты
(last modified Thu, 14 Feb 2019 14:53:32 GMT )
Ақп 14, 2019 20:53 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар корпусы қызметкерлерінің шәһид болғанына көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі Систан мен Белучистан облысында болған лаңкестік шабуылда Сақшылар корпусының бірқатар қызметкерінің шәһид болғанына көңіл айтты.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күнгі бір мәлімдемеде: "Жалдамалы қылмыскерлердің қолы тағы да еліміздің діндар, еңбекқор жастарының қанына малынды. Өздерін халықтың қауіпсіздігі мен елдің шекарасын қорғауға арнаған адамдардың бір тобы қатігез лаңкестердің шабуылында шәһид болды.

Бұл қылмысты жасаушылардың кейбір аймақтық және трансаймақтық елдердің тыңшылық ұйымдарымен байланыста болғаны анық. Елдің жауапты органдары бұған жіті көңіл бөліп, егжей-тегжейін анықтауы керек",-деді.

Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, осы лаңкестік оқиғада қаза болғандардың жанұялары мен туыстарына және Ислам революциясы Сақшылар корпусына көңіл айтып, оларға Алладан сабыр, жараланғандарға шипа тіледі.