Бүгін имам Әли ән-Нақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы
Бүгін дүйсенбі, хиджри қамаридің 1437-ші жылының ережеп айының 3-ші жұлдызы, сәйкесінше 2016-ші жылдың 11-ші сәуірі шиіттердің оныншы имамы және Исламның ұлық пайғамбары ұрпағының бірі имам Әли ән-Нақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.
Шиіттердің оныншы имамы хиджри қамаридің 212-ші жылы Медине қаласына жақын жерде дүниеге келіп, әкесі имам Джавад (ғ.с.)-ның ақыл-кеңестерімен өсті. Ол әкесі дүниеден озған соң имамат пен исламдық қоғамды басқару міндетін өз мойнына алды.
Имам Әли ән-Нақи (ғ.с.)-ның лақап аттарының бірі «Хади», яғни тура жолға нұсқаушы. Имам Хади (ғ.с.) Исламның шынайы жүзін таныстыру жолында көп еңбек сіңірді.
Имам Хади (ғ.с.)-ның білімі бір жағынан, халықтың арасындағы беделі басқа жақтан Аббаси басшыларының қызғаныштарын тудырып, кекшілдіктерін арттырғандықтан олар хазіретті өлтірді.
ИИР Телерадио бірлестігі имам Хади (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына орай Исламның ұлық пайғамбарының барлық жақтастарына көңіл айтады.