Ғасеми: Иран Тәжікстанға бауырлас ел ретінде қарайды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның Тәжікстан үкіметіне бауырлас ел ретінде қарайтынын, Тәжікстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Теһранның Душанбе үкіметіне қолдау танытып, жанынан табылу саясатын ұстанып келе жатқанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Баһрам Ғасеми жұма күні кешке Тәжікстан Сыртқы істер министрінің Душанбеде ИИР-ның Ұлттық күніне арналған рәсімде айтқан сөзіне тоқталып, Иран мен Тәжікстанның қарым-қатынасын көне заманнан келе жатқан ортақ тамырларға негізделген терең байланыс деп атады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы сақталған, мерейі үстем әрі дамыған Тәжікстанды қалайтынын айтып: «Иран Тәжікстанның заңды органдарына қарсы әрекет ететін бірде-бір топты қолдаған емес және қолдамайды. Теһран әрқашан Душанбе үкіметімен жақсы бауырластық қатынасты сақтауды қалайды»,-деді.