Иран Сақшылар корпусы шәһидтерінің қаны үшін кек алады
(last modified Sat, 16 Feb 2019 12:05:27 GMT )
Ақп 16, 2019 18:05 Asia/Almaty
  • Иран Сақшылар корпусы шәһидтерінің қаны үшін кек алады

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал Джафари Иран Қарулы күштерінің елдің оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белучистан облысындағы лаңкестік шабуылда қаза болғандардың қаны үшін кек алатынын қуаттады.

Sepah News ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, генерал Мұхаммадәли Джафари Систан мен Белучистан облысында болған лаңкестік оқиғада шәһид болғандармен қоштасу рәсімінде: "Пәкістан лаңкестікпен күрес саласындағы өз міндеттерін орындамаса, Иран халықаралық заңдар мен ережелерге сәйкес аймақтық және трансаймақтық тыңшылық қызметтер тарапынан ұйымдастырылған жалдамалыларды жазалайды",-деді.

Генерал Джафари Иранның АҚШ, сионистік режим мен аймақтағы реакцияшыл режимдердің қастандықтарына қарымта әрекет жасайтынын айтып, Пәкістанның Иранмен ортақ шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өз міндеттемелерін байсалды түрде орындап, лаңкестерге екі елдің шекара аймақтарын Иран халқының қауіпсіздігіне қарсы әрекеттер жасайтын жерге айналдыруына жол бермейтініне үміт білдірді.