Сауд Арабиясы мен БАӘ Иран шекараларында қауіпсіздікті бұзуды жоспарлап отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i41277-Сауд_Арабиясы_мен_БАӘ_Иран_шекараларында_қауіпсіздікті_бұзуды_жоспарлап_отыр
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал Джафари Сауд Арабиясы мен БАӘ тыңшылық қызметтерінің Пәкістанда қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Иран шекараларының қауіпсіздігін бұзуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 17, 2019 16:04 Asia/Almaty
  •  Сауд Арабиясы мен БАӘ Иран шекараларында қауіпсіздікті бұзуды жоспарлап отыр

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал Джафари Сауд Арабиясы мен БАӘ тыңшылық қызметтерінің Пәкістанда қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Иран шекараларының қауіпсіздігін бұзуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Генерал Мұхаммадәли Джафари кеше Иранның орталық бөлігіндегі Исфаhанда Систан мен Белучистанда болған лаңкестік әрекеттің шәһидтерін жерлеу рәсімінде сөз сөйлеп "Өткен бірнеше жылдың ішінде аймақтағы жалдамалы елдер, әсіресе Сауд Арабиясы мен БАӘ Иранның оңтүстік-шығысындағы тұрғындардың қауіпсіздігін бұзу үшін алты жарылыс жоспарлады. Бірақ олардың барлығы залалсыздандырылды",-деді.

Генерал Джафари Иранның осы лаңкестік шабуыл шәһидтері үшін кек алатынын, қол қусырып қарап отырмайтынын айтып: "Сауд Арабиясы мен БАӘ-ның сатқын үкіметтері ИИР жүйесінің сабыры таусылғанын білсін. Иран олардың тәкфирлік топтарды жасырын қолдауына төзбейді",-деді.