Иранның теңіз күштері теңіз қауіпсіздігі саласында үлкен жетістіктерге жетті
Иранның теңіз күштері қорғаныс саласында келесі бір маңызды жетістікке қол жеткізді.
Жексенбі күні ИИР Президентінің қатысуымен ел Армиясына теңіз флотына ең дамыған «Фатх» сүңгуір қайығы тапсырылды. Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні «Фатх» сүңгуір қайығын ИИР Армиясының теңіз күштеріне тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Иран Армиясының теңіз күштері Парсы шығанағы, Оман теңізі, Каспий теңізі және Үнді мұхитының бір бөлігін қорғауымен бірге халықаралық суларға да кіріп, ИИР мүдделері мен кеме қатынасының қауіпсіздігін қолдап, елдің айбынын көтеру ісінде ықпалға ие болып отыр",- деді.
Бүгінгі соғыстарда теңіз қатынасына ие болу маңызды мәселелердің бірі саналады. Сүңгуір қайықтардың қақтығыстардағы стратегиялық маңыздылығы дәлелденген жағдайда мемлекеттер өз армияларының теңіз күштерін сүңгуір қайықтармен қамтамасыз етуге көп мән беріп отыр. Иранның жартылай ауыр кластағы "Фатх" сүңгуір қайығы дүниежүзінің заманауи технологияларымен жабдықталып, тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие. "Фатх" құрылықасты зымырандары торпедолар, электрондық және байланыс құралдарымен жабдықталып, ИИР Армиясы теңіз күштері қорғаныс айбынының артуына себеп болады.
Сүңгуір қайықтарды жасап шығару үшін Ресей, АҚШ, Қытай мен Германия сияқты мемлекеттерде бар ең дамыған технологияларға ие болу керек.
ИИР Теңіз күштері "Фатх", "Ғадир" және "Беғсат" секілді сүңгуір қайықтармен жабдықталып, мықты теңіз күштерінің қатарына кіреді. Бұл сүңгуір қайықтар елдің теңіз қауіпсіздігін арттыруымен бірге стратегиялық аймақтарда, жақын және алыс азат суларда қатынас орнатып, әртүрлі міндеттерді орындауға жағдай жасайды. "Фатх" сүңгуір қайықтарының негізгі мақсаты – судың үсті мен астындағы дұшпанның кемелерімен қарсыласу.
Ислам революциясының жетекшісі әрі Иранның бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи Армия теңіз күштері қолбасшыларымен кездесуінде: "Теңіз күштері – елді қорғайтын басты күштер. Бұл күштер Макран аралдары, Оман теңізі мен азат сулар секілді маңызды аймақтарды бақылайды. Сондықтан бұл күштер азат сулардағы жұмыстарын жалғастыруы керек",- деген болатын.
Бүгінде Иранның күш-қуаты аймақтық құдырет бола алады. Бірақ ИИР Президенті қуаттағандай, бүгінде Иран мен дос мемлекеттер бір-бірінің қасынан табылып, аймақтың суларын, жері мен әуесін қорғайтын айбынға айналған. Сондықтан аймақтан тыс елдердің заңсыз араласуының қажеті жоқ.