Джаһангири: Ираннан үркітушілер Варшава отырысында өздері жаман атқа қалды
Иран Вице-президенті сейсенбі күні АҚШ, сионистік режим мен Сауд режимінің Варшава отырысында Ираннан үркіту жобасын іске асыруды көздегенімен, өздерінің жаман атаққа қалғанын қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Исхақ Джаһангири әлем және аймақ мәселелерімен бетпе-бет келген кезде Иранның тәуелсіздігі мен ұлттық күш-қуатының деңгейін тереңдетуді Ислам республикасының негізгі мәселелерінің бірі деп атап, Варшава отырысында Израиль, АҚШ пен Сауд режимі мақсаттарының сәтсіздікке ұшырағанын айтты. Джаһангири Ирак пен Ауғанстан елдеріндегідей кейбір соғыстарды АҚШ-тың бастағанына, соңынан лаңкестік топтарды құрғанын тілге тиек етіп: «Сол оқиғалардың нәтижесінде Иран жеңімпаз болды»,- деді.