Ислам революциясының жетекшісі аятолла Мохаммад Моменнің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Ақп 22, 2019 21:38 Asia/Almaty
Ислам революциясының жетекшісі жолдауында Сақшылар кеңесінің мүшесі және Эксперттер кеңесі факихтерінің бірі аятолла қажы шейх Мохаммад Моменнің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи жолдауында: «Аятолла Мохаммад Момен Ғомидің қайтыс болуы діни оқу орындары үшін үлкен соққы болды. Ғылыми дәрежесі мен танымал шәкірттерді тәрбиелеуі, иманы, революция мен қоғамға адалдығы бұл кісіні жан-жақты тұлғаға айналдырды. Аятолла Моменнің күресі революцияға дейін басталып, революция мен одан кейінгі қырық жылда жалғасты»,- деп жазды.
Тегтер