«Велаят 97» теңіз әскери жаттығуында «Ғадир» сүңгуір қайығынан қанатты зымыран сәтті атылды
(last modified Sun, 24 Feb 2019 11:03:26 GMT )
Ақп 24, 2019 17:03 Asia/Almaty

«Велаят 97» теңіз әскери жаттығуының үшінші күні «Ғадир» сүңгуір қайығы су бетіндегі нысанаға қанатты зымыран атты.

ИИР Телерадио бірлігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жексенбі күні «Велаят‑97» теңіз әскери жаттығуының ақпарат хатшысы адмирал Хамза Әли Кавиани торпедалардың әрекет ету радиусы шектеулі болғандықтан және зымыран ату барысында сүңгуір қайықтың анықталу ықтималына байланысты ирандық жас мамандардың талпыныстары арқасында алғаш рет қанатты зымыран теңіздің тұңғиығынан су бетіндегі нысанаға атылғанын хабарлады. Адмирал Кавиани бұл тәсілде сүңгуір қайықтың көзге түспей, дұшпандардың объектілерін нысанаға алатынын мәлімдеп, Иран армиясы Теңіз күштерінің басқа инфрақұрылымдары, соның ішінде «Тарак» түріндегі ауыр сүңгуір қайықтар мен толығымен ирандық «Фатех» сүңгуір қайығының да осындай қабілеттерге ие екенін айтты.