Зариф: Қазіргі кезде Батыс негізгі шешімді қабылдайтын тарап емес
(last modified Mon, 25 Feb 2019 08:40:00 GMT )
Ақп 25, 2019 14:40 Asia/Almaty
  • Зариф: Қазіргі кезде Батыс негізгі шешімді қабылдайтын тарап емес

Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Сионистік режимнің премьер-министрі мен АҚШ-тың экстремистері Иранға қарсы әлемдік консенсустың жоғалғанына алаңдап отыр, бірақ қазіргі кезде Батыс негізгі шешімді қабылдайтын тарап емес»,- деді.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні «Иранның сыртқы саясатының көп векторлығы: мүмкіндіктері мен стратегиясы» деген тақырыпта өткен конференцияда АҚШ-тың біржақты саясаттарына тоқталып: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың елінің біздің аймаққа жеті триллион доллар жұмсағаны, бірақ нәтижеге жетпегенін айтуы қазіргі әлемде билеп-төстеушіліктің мүмкін емес екенін көрсетті»,- деді. Зариф АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын стратегиялық сәтсіздігі деп атап: «Бениямин Нетаньяху мен америкалық экстремистердің алаңдаушылығына Иранға қарсы әлемдік консенсус кеңістігі жойылып, Қауіпсіздік кеңесінде соны қайтару үшін төрт рет талпыныс жасап, сәтсіздікке ұшырағаны, сондай-ақ, Польша отырысын өткізіп, онда да тауы шағылғаны себеп болды»,- деді.