Иранда Дүниежүзілік Наурыз мерекесі тойланды
(last modified Fri, 01 Mar 2019 10:21:49 GMT )
Нау 01, 2019 16:21 Asia/Almaty
  • Иранда Дүниежүзілік Наурыз мерекесі тойланды

Дүниежүзілік Наурыз мерекесі Иран Сыртқы істер министрі мен Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымы басшысы және аймақта Наурызды тойлайтын елдердің елшілерінің қатысуымен Теһранның "Милад" мұнарасында өтті.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф басқосуда сөз сөйлеп: "Бүкіл әлемге Иранның тілімен,  Наурыз жері мен Наурыз мәдениеті тілімен айтайық: үстемшілдікпен бейбітшілік орнамайды. Өзіміздің наурыздық ойымыз және қатынасымызбен әлемге үстемшілдік заманының аяқталғанын көрсетейік.

7 трлн доллар жұмсап, жағдайы алғашқы күннен нашарлай түскендер білсін: 70 немесе 700 трлн доллар жұмсаса да, жағдай осылай қала береді",-деді.

Мерекеде әртүрлі мәдени шаралармен қоса, Иран, Ауғанстан мен Әзірбайжанның музыкалық топтары өнер көрсетіп, Наурызды тойлайтын елдердің әдет-ғұрыптарымен танысу мақсатында наурыздық "һафт син" дастарханы да жайылды.