Зариф: АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан артық келісімге қол жеткізбейді
(last modified Sat, 02 Mar 2019 08:31:16 GMT )
Нау 02, 2019 14:31 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан артық келісімге қол жеткізбейді

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ пен Солтүстік Корея келіссөздерінің жеңіліс тапқанына тоқталып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын АҚШ үшін ең жақсы келісім деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ пен Солтүстік Корея келіссөздерінің жеңіліс тапқанын жазып: «АҚШ Президенті Дональд Трамп сахналанған көріністердің, суретке түсу мұрсаттары мен саясатты күрт өзгертудің байсалды дипломатияға сәйкес келмейтінін білуі тиіс»,-деп жазды.

Зариф 150 беттік «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының әрбір сөзі үшін мыңдаған сағат келіссөз жүргізіп, пікірталастың шамамен 12 жылға созылғанын айтып: «Трамп ешқашан осы бағдарламадан артық келісімге қол жеткізбейді»,-деді.