Иран Ұлыбританияның Ливан Хезболласына қарсы шарасын айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i41409
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ұлыбритания үкіметінің Ливан Хезболласын лаңкестік топтардың тізіміне енгізгенін айыптап, Ұлыбританияның бұл ісін Ливан халқының ауқымды бөлігі мен Хезболланың елдің саяси-әкімшілік жүйесіндегі заңды орнын қасақана көзге ілмеу деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 02, 2019 19:49 Asia/Almaty
  • Иран Ұлыбританияның Ливан Хезболласына қарсы шарасын айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ұлыбритания үкіметінің Ливан Хезболласын лаңкестік топтардың тізіміне енгізгенін айыптап, Ұлыбританияның бұл ісін Ливан халқының ауқымды бөлігі мен Хезболланың елдің саяси-әкімшілік жүйесіндегі заңды орнын қасақана көзге ілмеу деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Баһрам Ғасеми сенбі күні Хезболланың Ливанда өте ауқымды әлеуметтік базаға ие екенін айтып: «Хезболла Ливанның басқа партиялары сияқты елдегі сайлау және ресми әрі заңды белсенділіктерге, соның ішінде қала әкімшіліктері мен кәсіподақтардың сайлауларына қатысу арқылы сындарлы рөл атқарып келеді»,-деді.

Ғасеми Ұлыбритания үкіметінің қате ісінің Хезболланың рөлін солғындата алмайтынын айтып, Ұлыбритания үкіметіне шынайы жағдайды түсіну үшін Хезболланың соңғы парламенттік сайлау мен басқа да сайлауларда жинаған дауыс санын зерттеуге кеңес берді.