Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында еуропалықтарды күтпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i41432
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қатынасына тоқталып, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында еуропалықтарды күтіп отырмайтынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 05, 2019 14:14 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында еуропалықтарды күтпейді

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қатынасына тоқталып, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында еуропалықтарды күтіп отырмайтынын қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындауы керектігін баса айтты. Зариф америкалық басшылардың көбінің «Мұнафеқин» лаңкестік тобынан ақша алғанына сілтеме жасап: «Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон салық декларациясында аталмыш лаңкестік топтан ақша алғанын жариялады»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Венесуэладағы өзгерістерге тоқталып: «Америкалықтар үнемі Венесуэланың ішкі істеріне араласады. Араласушылық әрекеттері арта бастағаннан-ақ, Иран Вашингтонның бұл әрекетінің алдын алу қажеттігін мәлімдеді»,- деді.