АҚШ-тың Иран халқымен қатынасы – адамзатқа қарсы қылмыс
https://itolqyn.com/news/iran-i41455
ИИР Президенті Рухани АҚШ-тың дәрі-дәрмекке санкция салуын адамзатқа қарсы қылмыстың дәлелі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2019 16:45 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иран халқымен қатынасы – адамзатқа қарсы қылмыс

ИИР Президенті Рухани АҚШ-тың дәрі-дәрмекке санкция салуын адамзатқа қарсы қылмыстың дәлелі деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Гилян облысының «Даму және таңдаулылар» атты жиналысында сөйлеген сөзінде: «АҚШ үкіметі Иранның жүйесі және билігімен ғана түйткіліміз бар деп өтірік айтады. Бұл – өтірік сөз. Олар тіпті бір фармацевтикалық  орталық салуда Иран халқына қысым жасап отыр»,-деді.

Иран Президенті АҚШ үкіметінің Иран халқына жасап жатқан әрекетін адамзатқа қарсы қылмыс деп атап: «Олардың түйткілі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен ядролық келіссөз емес.

Қазір АҚШ-та билік жүргізетін адамдар Иран халқына ғана қиындық тудырып отырған жоқ, бүкіл әлемді түйткілге ұшыратып отыр»,-деді.