Иран Израиль мен Сауд Арабиясының адам құқығын бұзып отырғанын сынады
https://itolqyn.com/news/iran-i41459
БҰҰ-ның Еуропада орналасқан кеңсесіндегі ИИР-ның өкілі Исмаил Бағаи сәрсенбі күні Женевада Адам құқығы кеңесінің 40-шы жиналысында Палестина мен Йемен халықтарын ұйымдасқан түрде қырып-жоюды, жазықсыз халықты, әсіресе әйелдер мен балаларды аштыққа ұшыратуды адамзат тарихындағы қара дақ деп атап, Сауд Арабиясы мен сионистік режимге қару-жарақ сататындарды осы қылмыстарға ортақ елдер деп таныстырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2019 17:19 Asia/Almaty
  • Иран Израиль мен Сауд Арабиясының адам құқығын бұзып отырғанын сынады

БҰҰ-ның Еуропада орналасқан кеңсесіндегі ИИР-ның өкілі Исмаил Бағаи сәрсенбі күні Женевада Адам құқығы кеңесінің 40-шы жиналысында Палестина мен Йемен халықтарын ұйымдасқан түрде қырып-жоюды, жазықсыз халықты, әсіресе әйелдер мен балаларды аштыққа ұшыратуды адамзат тарихындағы қара дақ деп атап, Сауд Арабиясы мен сионистік режимге қару-жарақ сататындарды осы қылмыстарға ортақ елдер деп таныстырды.

Бағаи АҚШ, Ұлыбритания мен Еуропаның кейбір елдерінің, соның ішінде Данияның Таяу Шығыс аймағына қару-жарақ жөнелтудегі адам құқығына қарсы саясаттарын сынап: «Олар сионистік режимнің Палестина халқына қарсы жабайы әрекеттері мен Сауд Арабиясының Йемен халқына қарсы қылмыстарын қолдайтындықтан жауапқа тартылуы керек»,-деп қуаттады.