Зариф: Аймақтағы қайшылықтар келіссөз арқылы шешіледі
Нау 08, 2019 21:22 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Үндістан Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж ханым бейсенбі күні телефонмен сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастардағы өзгерістер мен аймақ мәселелері туралы пікір алмасты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Зариф аймақтағы қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешуді қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі 27 ақпанда Пәкістан Сыртқы істер министрі Шаһ Махмуд Курейшимен телефонмен сөйлесуінде Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстарға өкініш білдіріп, ИИР-ның екі ел арасында туындаған қайшылықты бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын екенін жариялап, екі жақты ұстамдылық сақтап, уақытты созбай келіссөз өткізуге шақырды.
Тегтер