Иранда 500 000 ауғандық бала тегін білім алып жатыр
Ирандағы Балалар құқығы комиссиясының ұлттық орталығының хатшысы Иранның төрт миллион шетелдікті, әсіресе ауғандық азаматтарды паналатқанын, қазір шамамен 500000 ауғандық баланың Иранда тегін білім алып жатқанын хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Махмуд Аббаси Женевадағы БҰҰ Адам құқығы комитетінің басшысы Рената Винтер ханыммен кезедсуінде: «Бүкіл Еуроодақ Сирия, Ирак пен аймақтың басқа кейбір елдерінің ондаған мың босқынын қабылдай алмай, оларды қиындықтар мен темір дуалға тіреп отырған жағдайда Иран өткен 40 жылда 4 миллионнан астам шетелдік азаматты панлатты»,- деді.
Рената Винтер Йемен мен Палестинадағы балалардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қоғамның Сауд әулеті мен сионистердің қылмыстарына үнсіздік танытуы мен немқұрайдылық білдіруі олардың одан сайын арсыздана түсуіне себеп болып отырғанын айтып, қылмыстарды тоқтатуды талап етті.