Аятолла Джаннати: Иран Президенті Ирак сапарымен Ислам республикасының айбынын көрсетті
https://itolqyn.com/news/iran-i41508
Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің хатшысы аятолла Джаннати: «Иран Президенті Ирак сапарымен Ислам республикасының айбынын көрсетті»,- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 12, 2019 16:03 Asia/Almaty
  • Аятолла Джаннати: Иран Президенті Ирак сапарымен Ислам республикасының айбынын көрсетті

Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің хатшысы аятолла Джаннати: «Иран Президенті Ирак сапарымен Ислам республикасының айбынын көрсетті»,- деп мәлімдеді.

 

Аятолла Джаннати сейсенбі күні Эксперттер кеңесінің алтыншы отырысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ирак сапарына тоқталып: «Ол Иракқа түнделетіп барғанда  ирактық басшылардың ешқайсы оны қарсы алған жоқ. Бұл – өзін әлемнің алпауыты санайтын президенттің жағдайы. Бірақ, Иран Президенті Иракқа сапар шегіп, Ислам республикасының құдыретін паш етті»,- деді.

Аятолла Джаннати, сондай-ақ, Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына орай өткен биылғы 22 баһман (11 ақпан) шерулеріне тоқталып: «Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына арналған биылғы шеру Сауд әулетіне, АҚШ пен сионистерге көрсетілген мықты жұдырық болды»,- деді.