Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 15 Mar 2019 13:26:30 GMT )
Нау 15, 2019 19:26 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Баршаның мойындауы бойынша, ИИР бар күш-қуатымен АҚШ-тың Сирия мен Ирактағы қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратып, Вашингтонды жеңді",-деді.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында дұшпанның бар күш-қуатымен Иранға қарсы максималды қысым жасағанын айтып: "Иран халқына қарсы қысымдар мен санкцияларды залалсыздандыру үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдаланып, тиімді басқару арқылы АҚШ-ты ауыр жеңіліске ұшырату керек",-деді.

Имами Кашани, сондай-ақ, Ислам революциясы жетекшісінің "Ислам революциясының екінші қадамы" атты баяндама жасағанына тоқталып: "Бұл баяндама негізі Ислам үмбеті мен Иран жастарына арналған. Олар алдағы 40 жылда осы баяндаманы орындауға күш салуы керек",-деді.    

Теһран жұма намазының құтпагері Жаңа Зеландияда екі мешіттегі намазхандарға жасалған шабуылды айыптап, оны Ислам үмбеті дұшпандарының пасық та жиіркенішті екенін көрсететінін айтты.

Бүгін Жаңа Зеландияның Крайстчеч (Christchurch) қаласында орналасқан екі мешіттегі намазхандарға жасалған лаңкестік шабуылда 49 адам қаза тауып, 27-ден аса адам жараланды.