Жетекші көзқарасы: Толық жұмылу арқылы АҚШ-ты жеңіліске ұшырату керек
(last modified Sat, 16 Mar 2019 04:45:17 GMT )
Нау 16, 2019 10:45 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы:  Толық жұмылу арқылы АҚШ-ты жеңіліске ұшырату керек

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Эксперттер кеңесі мүшелерімен кездесуінде ел мен ықпалды адамдардың түйткілдер және оқиғалармен бетпе-бет келу түрі мен тәсілі туралы терең қоғамдық түсінік пен диалог қалыптастыру қажеттігін қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі: "Құдайға тәуекел етіп отырған халық пен басшылардың мықты сеніміне сай Алла Тағала Иран халқына қатысты шынайы уәделерін орындауы үшін дұшпандардың үлкен басқыншылығына қарсы Иранның бар күші мен қабілетін жұмылдыру керек",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи дұшпандарға қарсы тұруда "бастамашыл бетпе-бет" пен "реакция ретіндегі бетпе-бет" туралы түсіндіріп: "Реакция ретіндегі бетпе-бетте біздің әрекетіміз дұшпанның әрекетіне байланысты, ал  бастамашыл бетпе-бетте әрекет ету инициативасын өз қолымызға алып, дұшпан ойламаған тұстан соққы береміз",-деді.

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін  Иран әрдайым дұшпандардың әртүрлі салалардағы қастандықтары мен басқыншылықтарына ұшырап келеді. ИИР екі маңызды ерекшелік – шешім қабылдауда шетелдіктерден тәуелсіздігі және өз мақсаттарын ілгерілетуде жергілікті қарым-қабілетке иек артуына байланысты дұшпандардың агрессиясына ұшырап отыр.

Ислам революциясы 40 жыл бойғы саяси ғұмырында дұшпандардың саяси-экономикалық, тіпті әскери қастандықтары мен басқыншылықтарын "бірлік диалогы" мен "максималды біртұтастықтың" арқасында жеңіп келді. Қазір Ислам революциясының ғұмыры бесінші онжылдыққа қадам басты. Дұшпандар бұрынғыдан да қастандық жасап, кез келген құралмен Ислам революциясының даму жолына кедергі мен түйткіл тудырып жатыр.

Иранның Батыс Азия стратегиялық аймағына халықтық, мәдени, саяси және қауіпсіздік тұрғысынан ықпалы ИИР-н тиімді әрі ықпалды ойыншыға айналдырды. Иранның қатысуынсыз аймақта ешбір бір жоба мен бағдарлама орындау мүмкін емес.

ИИР-ның бұл айбыны дұшпандардың, әсіресе АҚШ-тың ауқымды саяси-экономикалық басқыншылық жасауына себеп болды. Осындай жағдайда ұлттық бірлікті сақтап, қас дұшпандардың қатынасын дұрыс сараптау керек.

ИИР-ның Батыс Азия аймағында ықпалды елге айналғаны сөзсіз. ДАИШ лаңкестік тобының Ирак пен Сирияның ауқымды бөлігінде жеңіліс табуы және бұл елдерде 7 жыл бұрынғыдан да жақсырақ тыныштық пен қауіпсіздіктің орнатылуы – осы сөзіміздің дәлелі. Иранның ықпалы АҚШ пен сионистердің Иранмен жауластығының күшеюі мен америкалық басшылардың Иранға қарсы экономикалық санкцияларды арттыруды баса айтуына себеп болды.

Ислам революциясының жетекшісі: "АҚШ пен сионистер бүгінде Иран халқына қарсы барлық мүмкіндігі мен әлеуетін жұмылдырып отыр, еуропалықтар да солардың саясында Иранмен жауласып жатыр. Бірақ, егер біз бар мүмкіндігіміз бен қарым-қабілетімізді жұмылдырсақ, Алланың қолдауымен  АҚШ-қа тарихында бұрын-соңды болмаған ең ауыр соққы береміз",-деп қуаттады.

АҚШ-тың қазіргі билігі Иран халқы және исламдық жүйемен жауласуда бұл елдің бұрынғы үкіметтерінен асып түсті. Иран халқы АҚШ-ның дұшпандығымен 40 жыл күресу тәжірибесіне ие болғандықтан бұл елді жақсы таниды. Сондықтан Ислам революциясының бесінші онжылдығының басында АҚШ-тың тарихына оның келесі бір жеңілісін тіркейді.