Жаңа Зеландиядағы қылмыс – исламофобиямен күресу қажеттігін көрсететін келесі белгі
(last modified Sat, 16 Mar 2019 12:54:56 GMT )
Нау 16, 2019 18:54 Asia/Almaty
  • Жаңа Зеландиядағы қылмыс – исламофобиямен күресу қажеттігін көрсететін келесі белгі

ИИР Президенті Рухани жұма күнгі жолдауында Жаңа Зеландияда болған лаңкестік шабуылды айыптап: "Бұл жабайы қылмыс – әртүрлі діндер мен қауымдарға қатысты жиіркеніш таратумен, лаңкестікпен және Батыста кең таралған исламофобиямен жан-жақты күресу қажеттігін көрсететін келесі белгі. Өкінішке орай, мұндай әрекеттерді Батыс елдері өршітіп отыр",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани бұл жолдауда Батыста адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын кейбір ақпарат құралдары тарапынан осы лаңкестік қылмыстың кәсіби біліктілік пен адамгершіліктен кенде түрде таралуының олардың тіпті адамның жанына қатысты екі қырлы стандарт ұстанып, нәсілшіл қатынас көрсетіп отырғанын білдіретін тағы бір құжат екенін айтып: "Бұл айуандық пен айқын зұлымдық адами құндылықтарға берік ояу ұждан ұмыта қоятын оқиға емес.

Әлемдік қауымдастық, әсіресе ислам елдері адамзатқа қарсы осы қылмысқа шынайы реакция білдіріп, бұл әрекеттің ашық та жасырын қолдаушыларын әшкерелеуі керек",-деді.